Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Тәжікстанның астанасында есірткіге қарсы «Кукнор-2019» операциясы өтуде

НҰР-СҰЛТАН, 08 маусым. Душанбе қаласында «Кукнор-2019» (Мак-2019) операциясы өтеді, деп жазады ТаджикТА.

«Тиісті жарлыққа Душанбе қаласының төрағасы Рустам Эмомали қол қойды», — деп хабарлады елорда мэриясының баспасөз қызметі.

Бұл есірткіге қарсы операция екі кезеңде өтеді.

«Кукнор-2019» операциясының бірінші кезеңі 1 маусымнан 31 тамызға дейін болады, ал операцияның екінші кезеңі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 қарашасына дейін болады.

Бұл операцияның мақсаты –құрамында  есірткісі бар жабайы өсетін өсімдіктерді анықтауға және жоюға, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтуге бағытталған құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру.

Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің елордалық басқармаларына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне, Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес агенттігіне қалалық штабымен бірлесіп қалада құрамында есірткісі бар өсімдіктерді анықтау үшін тергеу тобын ұйымдастыру тапсырылды.

Қалалық штаб «Кукнор-2019» операциясының бірінші және екінші кезеңдерінің қорытындылары туралы қала әкімі мен елдің есірткіні бақылау агенттігіне хабарлауға міндетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *