Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Степногорда жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берген күдікті ұсталды

КӨКШЕТАУ, 11 маусым.  Ақмола облысының Степногорск қаласында «бомба» қойған ер адам  ұсталды,  деп  облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, маусымның 10-да сағат 22:00 Степногорск қалалық ПБ кезекшілік бөліміне белгісіз ер адам қоңырау шалып тұрғын үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғанын айтқан.

«Оқиға орнына жедел түрде қалалық ПБ жеке құрамы, жарылғыш-техника мамандары, кинологтар мен арнайы үйретілген иісшіл иттер тартылып, жарылғыш зат қойылуы мүмкін аймақты тінтіп шықты. Полиция қызметкерлері 40 тұрғынды қауіпсіз жерге шығарды. Кешенді жедел іздестіру шарасы кезінде жарылғыш зат табылған жоқ. Есесіне жалған ақпарат таратқан 1991 жылғы жергілікті тұрғын ұсталды. Күдікті «бомбаның» қойылғандығы туралы хабарлаған кезде масаң күйде болды», дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде, осы оқиға байланысты ҚР ҚК 273 бабы бойынша (терроризм туралы жалған мәлімет беру) бойынша іс қозғалып,  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *