НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым. Үндістанның Джамму мен Кашмир штатында қаруланған белгісіз біреулер полиция патрулін шабуылдады.Бұл туралы 24.kz агенттігі хабарлайды.
Оқиғадан 5 тәртіп сақшысы қайтыс болды. Тағы бір бейбіт тұрғын ауыр жарақат алған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, лаңкестер алдымен полицияға граната лақтырып, кейін оқ ата бастаған. Әскерилер қарымта жауап беріп, бір лаңкестің көзін құртты. Әзірге оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ.