Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

СҚО-да полицейлер синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 7 адамды ұстады

ПЕТРОПАВЛ, 18 маусым.Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан тәртіп сақшылары синтетикалық есірткі бизнесіне қатысы бар 7 адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

Полиция қызметкерлері синтетикалық есірткіні осы заманның негізгі қауіп-қатеріне айналғандығын айтады. Есірткінің бұл түрі арзан, сол себепті «қара базарда» сұранысқа ие. Ал оны көпшілікке тарату үшін қылмыскерлер интернетті қолданады, бұл тәртіп сақшыларына есірткі сатушыларды ұстауда қиындық тудыруда.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс полицейлері синтетикалық есірткіні таратумен айналысқан 7 адамды ұстады. Олардың біреуінен 700 гр жуық кристалл зат алынды.

«Біз қазір бұл қатермен күресте алдын алуға басымдық береміз. Дизайнерлік есірткі жасайтындар нашақорлар қатарына барынша көп жастарды тартуға тырысып бағуда. Олар үй қабырғаларына есірткі сайттарын жазып қалдырады. Оны аға буын өкілдері түсінбегенімен, жастар интернетті еркін меңгерген. Мұндай сайттармен және олардың жарнамасымен күресу үшін WhatsApp мессенджерінде арнайы топ құрдық. Ол жерде полицейлерден басқа қаладағы көптеген ПИК төрағалары отырады.

Есірткі сайтының жарнамасын көрген кез келген адам оны өздігінен бояй алмаса, суретін және нақты мекенжайын 8-707-500-96-65 нөміріне жібере алады. Біз оны сырлап қана қоймай, сайттың жұмысын бұғаттаймыз», — дейді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы Жандос Басыбаев.

Басқарма мамандары жыл басынан синтетикалық есірткіні Петропавл қаласында жарнамалап келген 97 интернет-ресурсты анықтады. Олардың веб мекенжайлары ҚР Ішкі істер министрлігіне бұғаттау үшін жіберілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *