Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбылда 56 жастағы ауыл тұрғыны қарасора мен көкнәрді заңсыз өсірген

ТАРАЗ, 23 маусым.  Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданының Бірлесу-Еңбек ауылында өсірілген 12 түп қарасораның және 1020 түп көкнар апиынының алқабын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Тыйым салынған көшеттер «Көкнәр» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 56 жастағы ауыл тұрғынының ауласынан табылды.

«Күдікті өз кінәсін мойындады, қазіргі уақытта ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары жүргізілуде»,- дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Департамент мамандарының айтуынша, есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына, контрабандасына қатысты есірткі бизнесіне қарсы профилактикалық жұмыс өзінің тиімді нәтижесін беруде.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *