Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Рецептісіз сатылған психотропты дәрі-дәрмектер

ПЕТРОПАВЛ, 22 маусым. Солтүстік Қазақстан облысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі бар препараттардың сатылу заңдылығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, негізінен дәріханалар, медициналық мекемелер және өндірісте қышқылды қолданатын кәсіпорындар тексерілген.

«9 келіден астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде психотропты 20 таблетка және құрамында есірткі бар 100 ампула дәрілік препарат бар. Бір заңбұзушылық психотропты дәріні рецептісіз сатуға қатысты. Факті бойынша әкімшілік материал жиналды. Тағы бір заңбұзушылық — құрамында есірткі мен психотроп бар ампуланы уақтылы жоймау. Оларды қолдану барлық кезеңде аса қатаң бақылауды талап етеді», — деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Полицейлердің сөзінше, фармацевтикалық қызмет пен дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сату саласындағы кемшіліктер үшін 70-тен мың айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл қарастырылған.

Рейд кезінде тәртіп сақшылары «спайс» атты синтетикалық есірткіні тәркіледі.

Жалпы, жыл басынан бері өңірде есірткіге қатысты 132 заң бұзу фактісі тіркелген. Оның 126-сы — ес-іткі сату қылмысы. 85 есірткі заты, оның ішінде 106 грамм героин заңсыз айналымнан алынды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *