Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СУЛТАН, 26 маусым. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабы 26 маусымда сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін лаңкестікке қарсы оқу- жаттығулар өткізіп жатыр. Оқу-жаттығу орны – Тұран даңғылы, 89 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ  әкімшілік ғимараты, деп  B.News.kz хабарлайды.

Оқу-жаттығулар күрделіліктің түрлі элементтерімен жауынгерлік жағдайларға барынша жақын. Оқу-жаттығу кезінде шектеу шаралары болады.

 «Осыған байланысты біз азаматтарды оқу іс- әрекеттеріне түсіністікпен қарап , қауіпсіздік шараларын сақтауға және  мемлекеттік органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», — делінген таратылған хабарламада.

Іс-шараның мақсаты — ведомствоаралық ынтымақтастықты жетілдіру және құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың лаңкестік көріністерге төтенше әрекет ету жөніндегі бірлескен іс-әрекеттерін практикалық дамытуы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *