НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Самара облысының ФҚҚБ қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін және оның екі мүшесін ұстады, олардан 10 килограмм героин тәркіленді, деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, РФ ФҚҚ өңір бойынша басқармасы этникалық ұйымдасқан қылмыстық топ ұйымдастырған Башқұртстаннан Самара облысына есірткіні жеткізу арнасының жолын кесті.
«Топ жетекшісі 1977 жылы туған Ресей азаматы, сондай-ақ топтың белсенді екі мүшесі — 1963 жылы туған және 1968 жылы туған Ресей азаматтары, ұсталған. Заңсыз айналымнан 10 килограммнан астам героин шығарылды», — делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта РФ Қылмыстық кодексінің 228-бабының 5-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын аса ірі көлемде заңсыз өндіру, өткізу немесе жіберу) қылмыстық іс қозғалу мәселесі шешілуде.