НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым. Ауғанстанда тәуелсіз сайлау комиссиясының сегіз мүшесі «Талибан» қозғалысы содырларының шабуылынан қаза тапты, деп Tolo News телеарнасына сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Телеарнаның мәліметтеріне сәйкес, талибтер шабуылы сенбі күні түнде Кандагар провинциясының Маруф ауданында орын алған.
Сондай-ақ, сенбі күні түнде талибтер Фарах провинциясындағы әскери бекетке шабуыл жасады, қауіпсіздік қызметінің сегіз қызметкері қаза тауып, он адам зардап шекті.