ОРАЛ, 02 шілде. «Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Орал қаласының полиция басқармасының қызметкерлері, 1978 жылы туған қала тұрғынының пәтерінен целлофан қалташаларына салынған 2 келіге жуық марихуана тауып алды.Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Жайық Пресс медиахолдингі хабарлайды.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша ҚР ҚК-ның 296-бабының 4-бөлігімен (есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, «Көкнәр» жедел-профилактикалық іс-шарасы республика бойынша жыл сайын өтеді. Аталған шараның алғашқы айында БҚО полиция бөлімшелері заңсыз есірткі құралдарының айналымына байланысты 23 қылмыстық және 15 әкімшілік құқықбұзушылық фактісін анықтады.