НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. Содырлар Сирияның Латакия провинциясындағы тоғыз елді мекенге оқ жаудырған, деп брифингте «Сириядағы жауласушы тараптарды татуластыру орталығының басшысы генерал-майор Алексей Бакин мәлімдеді , деп РИА Новости хабарлайды.
«Бір тәулік ішінде содырлар Латакия провинциясының Қара-Джагез, Бшарф, Кермель, Кинсибба, Нахшебба, Сафсаф, Икко, Санджека және Мамухия елді мекендеріне от жаудырған», — деді ол.
Сондай-ақ, Бакин өткен тәулікте Ресей орталығының өкілдері Алеппо қаласының Салахин ауданында бір гуманитарлық акция өткізгенін айтты.