НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде. 2017 жылдың жазында «Сапсан» пойызының күйреуіне қатыстылығы бар «Ислам мемлекетінің» жеті мүшесіне жұма күні Мәскеу аймақтық әскери соты үкім шығарды. Олар 15-тен 21 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды РИА Новости сот залынан.
Сотталғандардың барлығы -Тәжікстан тумалары. Олар 2017 жылы Петербургте террористтік топ болып бірлесті және мамыр-шілде айларында теракт жоспарын құрды: екі елорда арасында жүретін «Сапсан» жүрдек пойызын жаруды шешті.
Сот анықтағандай, Он үшінші шілдеде сотталғандар теміржолда арнайы металл конструкциясын орнатты. Мәскеуден келе жатқан» Сапсан » соған соғылып, нәтижесінде бес вагон қирады, бірақ құрбандар болдмады. Тергеу РТЖ шығынын 55 миллион рубльден астам сомаға бағалады.
Мухамеди Бобоеров, Джумахон Баймонов, Фарход Наджбудинов, Сухрапджон Нозимов, Фахраджон Нозимов, Абдульгафор Раупов және Амраджон Раупов жазаларын колонияда өтейді.