НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Полиция Хабаровскідегі сауда орталығының «миналануы» туралы жалған хабар берген күдікті ер азаматты ұстады, деп Хабаровск өлкесі бойынша Ресей ІІМБ хабарлайды.
ІІМБ ақпараты бойынша, сенбі күні Хабаровскідегі «Большая медведица» СО-нан 250 адам эвакуациаланды. Дүкендердің жұмысы 1 сағат 25 минутқа тоқтатылды. Сауда орталығы ғимаратын Ресей гвардиясының жарылыс технигі мен арнайы оқытылған итімен кинолог қарап шықты,бірақ күдікті ештеңе табылмады.
«Хабаровск қаласы бойынша Ресей ІІМБ қылмыстық іздестіру қызметкерлері заңсыз әрекет жасады деген күдікпен 39 жастағы жұмыссыз қала тұрғынын ұстады. Ол өзінің іс-әрекетін жедел қызметтердің жұмысына деген қызығушылығымен түсіндірді. Тәртіп сақшылары анықтағандай қоңырау шалғаннан кейін ол ұялы телефонын лақтырып тастаған», — делінген хабарламада.
Полиция «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.Бұл бап бойынша жоғарғы жаза бес жыл бас бостандығынан айыру болып келеді. Ер адам ешқайда кетпеу туралы тілхат берді.