НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде. Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласындағы екі мешіттегі лаңкестік әрекет салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жарақат алғандар қажылық кезінде Сауд Арабиясының қонақтары болады, деп SPA Сауд ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды.
SPA ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы сауд арабиясы королінің Салман бин Абдельазиздің өкімінде айтылған.
Өкімге сәйкес, Крайстчерчтен келген 200 адам Сауд Арабиясының қонақтары болады.
Сауд Арабиясы билігі бұл шешімін лаңкестік шабуыл нәтижесінде құрбан болғандардың туыстарының ауыр қазасын бәсеңдету үшін, сондай-ақ терроризммен күрес мақсатында қабылдады.
15 наурызда жаңазеландиялық Крайстчерч қаласында 10 минут уақыт аралығымен Нұр және Линвуд мешіттеріне қарулы шабуыл жасалды.
Шабуыл салдарынан 50 адам қаза тауып, кем дегенде 50 адам жарақат алды. Жаңа Зеландияның Премьер-мнистрі Джасинда Ардерн шабуылды теракт деп атады.
Сауд Арабиясына 2018 жылы 2,372 миллион адам келді.