НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде. Салдарынан 160-тан астам адам қаза тапқан, 2008 жылы Мумбайда болған қанды терактінің «шабыттандырушы» Пәкістанда тұтқындалды, деп хабарлайды РИА Новости Geo TV телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметтері бойынша, сәрсенбі күні Пәкістанның лаңкестікпен күрес бөлімінің қызметкерлері Үндістанда 2008 жылы Мумбай қаласында лаңкестік әрекетті дайындады деген күдікпен айыпталған, «Лашкар — и-Таиба» исламистік тобының саяси қанаты «Джамаат-уд-Даваның» негізін қалаушы және көшбасшысы Хафиз Саидты тұтқындады
Бұған дейін хабарланғандай, Нью-Дели Мумбай шабуылының тікелей ұйымдастырушысы деп есептейтін Саид 2011 жылдан бастап Үндістанның «іздеу салынған 50 лаңкестері» тізімінде бірінші орында тұр.
Мумбайда шабуыл 2008 жылдың 26 қарашасында орын алды. Пәкістанның Карачи портынан қалаға теңіз арқылы 10 лаңкес келді. Топтарға бөлініп, олар көшелердегі, кафелердегі, вокзалдағы адамдарды атып, кейін бес жұлдызды қонақ үйлерден шықпай отырып, қаза болғанша екі тәулік бойы арнайы қызметкерлерге қарулы қарсылық көрсетті. Шабуыл нәтижесінде 166 адам қаза болды. Теракт, бір-біріне аумақтық наразылықтары бар Үндістан мен Пәкістан арасындағы күрделі қарым-қатынасты одан сайын қиындатты.