Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚТӨБЕ, 22 шілде. 22 шілде күні Ақтөбе қалалық соты Сириядан оралған соң терроризм айыбы тағылған Ақмарал Алмағамбетованың ісін қарай бастады. Тергеу 32 жастағы Ақмарал Алмағамбетованы «терроризмді насихаттады», «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деп айыптап отыр. Прокурордың сөзінше, Сириядан оралған әйел тағылған айыптарды мойындаған. Ал адвокат өз қорғауындағы Алмағамбетованың процессуалдық келісім дайын екенін айтты. Бұл туралы Азаттық Радиосы жазады. 

Сотталушы Сириядан Қазақстанға 2019 жылғы 9 мамыр күні «Жусан» операциясы кезінде жеткізілген.

Мемлекеттік айыптаушы Азамат Байболатовтың сөзінше, сотталушы Алмағамбетова 2013 жылғы тамыз айында Қырғызстан арқылы Түркия асып, одан әрі Сирияға кеткен.

Тергеу материалдарында Ақмарал Алмағамбетованың заңды некедегі күйеуі Мирболат Жаманқұловтан 2013 жылғы мамыр айында шариғат жолымен ажырасқандығы айтылады. Ол кезде отбасындағы үш баланың кішісі бір жаста болған. Ақмарал Алмағамбетова Сирияға кетерінде балаларын күйеуіне қалдырған.

2014 жылғы қаңтар айында отбасына хабарласып, қақтығыс аймағында жүргенін айтқан. Кейін бірнеше мәрте аудио және жазбаша хабарлама жолдап, балаларының әкесі Мирболат Жаманқұловқа ДАИШ экстремистік ұйымының идеяларын насихаттаған.

— Арнайы сараптама Ақмарал Алмағамбетова жолдаған хабарламаларда терроризмді насихаттау, ұлттық алауыздықты қоздыру белгілері барын анықтады. Күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр, — деді мемлекеттік айыптаушы Азамат Байболатов сот алдында.

Сирияға барған соң бірнеше мәрте тұрмыс құрған Ақмарал Алмағамбетова 2015 жылы Альбара есімді ер бала мен 2017 жылы Ниссанұр есімді қызды дүниеге алып келген. Әкелері қақтығыс аймағында қаза тапқан екі баланың тағдырын аналары қылмыстық жауапқа тартылған жағдайда сот шешуі тиіс.

Алмағамбетованың адвокаты Назгүл Дүйсенбекованың айтуынша, балалардың нағашы әжесі науқас, сондықтан олар әзірше мемлекет қарауында.

— Сотталушы Алмағамбетованың процессуалдық келісімге келмек ниеті бар. Өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап отыр. Сондықтан соттан келісімді бекітуін сұраймыз, — дейді адвокат Дүйсенбекова.

Тараптарды тыңдаған судья Әлима Әділова кеңесу бөлмесіне кетті. Ақмарал Алмағамбетоваға қатысты сот үкімі 23 шілде күні жариялануы тиіс.

Биыл мамырдың 7-9 аралығында «Жусан» арнайы операциясымен Сириядан Қазақстанға жеткізілгендердің ішінде Алмағамбетова бөлек тағы үш ақтөбеліктің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ақтөбе облыстық сотының мәліметінше, айыпталушылардың бірі 28 жастағы Руслан Қуанов «Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатысқан болуы мүмкін» деген күдікке ілінген. Ал Данабек Төреханов және Дәурен Сәбитұлына «терроризмді насихаттады», «діни алауыздықты қоздырды» деген айып тағылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *