НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. Ақпарат жəне қоғамдық даму вице-министрi Нұргүл Мауберлинова жұртшылықтың талқысына түскен қауiпсiздiк сертификатын орнату мəселесiне қатысты пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайды Елорда Инфо тiлшiсi.
«Бiздiң министрлiк интернет беттерiнде, əлеуметтiк желiлерде тұрақты түрде мониторинг жүргiзiп, заң бұзатын жағдайларды анықтап отырамыз. Əрине ең алдымен терроризмге, дiни экстремизмге үндейтiн, суицидке шақыратын материалдардың, сол сияқты есiрткi, қару-жарақ сататын сайттардың алдын алады. Күн сайын бiз ондаған, тiптi жүздеген интернет ресурстар мен əлеуметтiк желiлердi анықтаймыз», — дей келе Нұргүл Мауберлинова статистикалық мəлiметтердi де келтiрiп ɵттi.
Оның айтуынша, 2016 жылы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлiгi 140 мыңнан астам терiс бағыттағы материалды тапса, 2017 жылы бұл кɵрсеткiш 300 мыңнан асып түскен.
«Былтыр бұл кɵрсеткiш азая түстi, бас-аяғы 130 мыңға жуық. Ал осы жылдың жартыжылдығында терiс бағыттағы материалдардың 45 мыңға жуығын анықтадық. Айтарлығы, заң бұзатын материалдың шамамен 90 пайызы терроризмге шақырады. Ал қалғаны есiрткi, қару-жарақ тарату, суицидке шақыру жайлы. Мысал ретiнде видеоларда Орта Азия мен Қазақстаннан шыққандардың Сирияда адамды қинап ɵлтiрiп жатқаны немесе жиһадқа шақырғаны кɵрсетiледi. Бұдан бɵлек, əр уақытта əлеуметтiк желiлерде «синий кит», «тихий дом» секiлдi суицидке шақыратын топтарды кездестiремiз. Соңғы уақытқа дейiн мұндай жағдайлардың алдын алу техникалық тұрғыда мүмкiн болмады», — дедi вице-министр.
Айта кетейiк, елорда тұрғындарының ұялы телефонына əр оператордан хакерлік және басқа кибершабуылдардың алдын алу бойынша жүргізілетін іс-шараларға байланысты қауіпсіздік сертификатын орнату жɵнiнде смс-хабарлама келiп жатыр.
«Интернетке кіру үшін қолданылатын әрбір абоненттік құрылғыға (смартфон, планшет, ноутбук және т.б.) орнатуыңызды сұраймыз. Құрылғыда қауіпсіздік сертификатының болмауы интернет-ресурстарға қол жеткізудегі қиындықтарға әкелуі мүмкін», — делiнген хатта.