НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. БҰҰ Бас Ассамблеясы БҰҰ мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) ынтымақтастығын тереңдету туралы резолюция қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.
Құжатқа сәйкес, Бас Ассамблея БҰҰ мен ҰҚШҰ «БҰҰ-ның жаһандық лаңкестікке қарсы стратегиясын дәйекті және жан-жақты жүзеге асыру мүддесінде өзара іс-қимылды жалғастыруға шақырады».
Қарар авторлары БҰҰ мен ҰҚШҰ жүйесінің мамандандырылған мекемелерін «ынтымақтастықты тереңдетуге және үйлестіруге», сондай-ақ екі тарап үшін қызықты салалардағы тікелей байланыстарды дамытуға шақырады.
Екі ұйымға бейбітшілікті қолдау саласындағы өзара іс-қимылды арттыру ұсынылды. Қарар сондай-ақ БҰҰ мен ҰҚШҰ Бас хатшыларын алдағы уақытта екіжақты кездесулер мен түрлі форумдар аясында тұрақты консультациялар өткізуге шақырады.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. 2019 жылы Қырғызстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді.