НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде. Үндістанның СІМ ресми өкілі Равиш Кумар Пәкістанды өз аумағында террористік ұйымдармен күресті күшейтуге шақырды. Бұл сөздер Пәкістанның премьер-министрі Имран Ханның Кашмир мен Ауғаныстанда ұрысқа қатысқан 30 мыңнан 40 мыңға дейін террористер ел аумағындағы болғанын мәлімдегеннен кейін айтылды, деп Regnum АА хабарлайды.
Сыртқы саясат ведомствосының өкілі Пәкістан мен оның басшылығы елде лаңкестердің болуына тікелей қатысы бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, оларды шабуыл жасау үшін Үндістанға арнайы жіберген.
«Джагран» үнді жаңалықтар агенттігінің ақпараты бойынша, Равиш Кумар бұл Пәкістан басшылығы ел аумағында террористер үшін дайындық лагерлерінің болуын мойындаған алғашқы жағдай емес екенін атап өтті. «Бұл қоғам мен халықаралық қоғамдастыққа белгілі болды», — деді ол.
«Пәкістан өз аумағында террористерді жою бойынша шешуші шаралар қабылдауы тиіс. Әлемдік қауымдастыққа қолдау көрсету үшін ғана бағытталған шаралар бізді қанағаттандырмайды», — деді ол.