НҰР-СҰЛТАН, 28 июля. «Тәлібан» қозғалысы шетел әскерлерін елден шығару туралы хабарланғанға дейін ауған Үкіметімен тікелей келіссөздер жүргізбейді. Бұл туралы жексенбі күні Reuters агенттігі Катар саяси кеңсесінің ресми өкілі Мұхаммад Сохаил Шахиннің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
«Ауған аралық келіссөздері шетелдік әскерлерді (Ауғанстаннан) шығару туралы хабарланғаннан кейін ғана басталады», — деп мәлімдеді Шахин.
Сенбі күні Ауғанстанның бейбітшілік істері жөніндегі министрі Абдул Салам Рахими мәлімдемесінде ауған билігі мен «Тәлібан» қозғалысы (ҚР-да тыйым салынған ұйым) өкілдері арасындағы кездесу жақын арадағы екі апта бойы басталуы мүмкін деген. Жексенбі күні АҚШ-тың Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзад тікелей ауған аралық келіссөздері Вашингтон мен тәлібтер арасында келісім жасалғаннан кейін басталатынын атап өтті.
7-8 шілдеде Дохада үшінші ауған аралық конференциясы өтті. Оған «Тәлібан» қозғалысының Катардағы саяси Кеңсесі мен Ауған үкіметінің делегациясы қатысты. Конференция аяқталғаннан кейін оның қатысушылары бірлескен мәлімдеме қабылдады, онда егде жастағы, жараланған, науқас тұтқындарды босату, сондай-ақ азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы уағдаласты.