Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

 

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде. Ресейде алды алынған лаңкестік әрекеттердің саны азаяр емес,  жыл басынан бері осындай 17 әрекет болды, деп мәлімдеді бас прокурордың бірінші орынбасары Александр Буксман, деп хабарлайды РИА Новости.

«Еліміздің өңірлерінде террористік белсенділіктің ошақтарын құру қаупі бар, бұнын дәлелі – алды алынған лаңкестік әрекеттер санының  төмендемейтіні. Өткен жарты жылдықта мұндай әрекеттер 17-ге жетті», — деді ол алқа отырысы барысында.

Сонымен қатар, РФ Бас прокурорының орынбасары 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында экстремизмге қатысты істердің екі есеге төмендегенін атап өтті,  оның ішінде кейбір қылмыстық құрамдарды қылмыстық сипаттан арылту арқасында.

«Бірінші жартыжылдықта 32 мың заң бұзушылық анықталды. Бірқатар қылмыстық құрамдарды қылмыстық сипаттан арылту нәтижесінде экстремистік қылмыс деңгейі екі есе төмендеді», — деп қадағалау ведомствосының бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы шығарылып, екінші жартыжылдыққа арналған міндеттер талқыланған Бас прокуратураның алқа отырысында айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *