Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирия бойынша кездесуге шақырылған барлық тараптар өздерінің қатысатындығын растады

НУР-СУЛТАН, 31 шілде. Ахмад аль-Тоума бастаған сириялық қарулы оппозициясының делегациясы Нұр-Сұлтанға Сирия бойынша халықаралық кездесуге келеді.Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министірлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 «Аталған кездесуге Сириядағы екі қақтығысушы тарап – Сирияның БҰҰ-дағы Тұрақты өкілі Башар әл-Джаафари бастаған САР үкіметтік делегациясы және Ахмад аль-Тоума бастаған қарулы оппозиция қатысады», — делінген хабарламада.

Бүгінгі күнге дейін барлық шақырылған тараптар өздерінің қатысатындығын растады.

 «Ресей делегациясын РФ Президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын ТР сыртқы саяси ведомство басшысының орынбасары Седат Онал басқарады. Иран делегациясына Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі жоғары көмекшісі Али Асгар Хаджи басшылық етеді», — деп хабарлады СІМ.

БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсен денсаулығына байланысты алдағы келіссөздерге қатыса алмайтын болады.

«Өкінішке орай, БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы өкілі Гейр Педерсен денсаулығына байланысты алдағы келіссөздерге қатыса алмайтын болады. БҰҰ делегациясын оның орынбасары басқарады», — делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Бұған қоса, осы күндері сирияаралық келіссөздер шеңберінде өтетін Тұтқындарды босату, қаза тапқандардың денелерін табыстау және із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобының кезекті кездесуіне қатысу үшін БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің өкілдері Нұр-Сұлтанға келеді.

«Бұрын өткен сирияаралық келіссөздерге ұқсас, бірінші күні «жабық есік» жағдайында екіжақты және көпжақты техникалық консультациялар, ал келесі күні жалпы отырыс өтеді. Екі күндік келіссөздердің негізгі нәтижелері Астана процесінің кепілгер мемлекеттерімен қабылданатын Бірлескен мәлімдемесінде баяндалады», — деп СІМ хабардар етті.

Сирия бойынша жоғары деңгейдегі он үшінші халықаралық кездесу 1-2 тамызда Нұр-сұлтан қаласында өтеді. Оған кепілгер мемлекеттер (Иран, Ресей және Түркия), Сирия үкіметі және Сирия қарулы оппозициясы делегацияларының қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде келіссөздерге БҰҰ, Иордания, сондай-ақ Ливан мен Ирактың жоғары өкілдері шақырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *