Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кісі өліміне кінәлі деструктивті діни ағым ұстанушысы болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз.Қызылордадағы кісі өліміне қатысты тың деректер пайда болды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кінәлі азамат деструктивті діни ағым ұстанушысы болып шықты. Бұл туралы kazislam.kz хабарлайды. 

2018  жылы 23 қыркүйекте Қызылорда қаласы, Қыдыров көшесінде орналасқан үйде бір азаматтың зорлық-зомбылықтың белгілері бар мәйіті табылған.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында аталған қылмыс бойынша күдікті ретінде облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны ұсталып қамауға алынған.

Ұсталған азаматтың жеке басын анықтау барысында, оның деструктивті діни ағым ұстанушысы екендігі анықталды. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, айыпталушы азаматтың аталған қылмысқа тікелей қатысы бар екендігі анықталып, қылмыстық іс-әрекеті толық әшкереленді.

Қазіргі уақытта айыпталушы азамат Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан  айыру жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *