НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Сириялық араб әскерінің Идлиб пен Хамадағы лаңкестер форпостына сәтті шабуыл жасауы туралы SANA агентіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Үкімет әскерлері «Джебхат ан-Нусра» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) тобының лаңкестері бар Эль-Таманаа (Идлиб провинциясы) мен Морикада (Хама провинциясы) шабуыл жасады.
Сириялық әскерлер лаңкестерде болған бірқатар дүркін оқ атудың реактивті қондырғыларын қиратты, сондай-ақ содырларды жабдықтаудан қиды.
Бұған дейін хабарланғандай, 12 тамызда Идлибе сириялық араб әскері «Джейш әл-Ахрар» тобының үш қолбасшысын жойды.