Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 14 тамыз. Тәжікстан мен Қытай әскерилері 13 тамызда Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығуды бастады.Бұл туралы Азаттық Радиосы жазады.

Біріккен жаттығудың мақсаты, Тәжікстан қорғаныс министрлігінің айтуынша, екі мемлекет әскерилерінің террористік, экстремистік топтардан төнген қауіпке жауап беру тәсілін дамыту.

Қытайдың әскери ведомствосының ресми сайтындағы дерекке қарағанда, оқу-жаттығуға қос тараптан 1 200-ге тарта сарбаз қатысып жатыр. Жаттығу 16 тамызда аяқталады. Тәжікстан қорғаныс министрлігі шара Хорог, Ишкошим және Шугнан аудандарында өтіп жатқанын хабарлады.

Қытай мен Тәжікстанның әскер саласындағы одақтастығы соңғы бес жылда нығая түскен. 2016 жылдың қазанында екі ел Таулы Бадахшан автономиялық облысында 10 мың адамның қатысуымен (200 адам — Қытай әскериі) оқу-жаттығу өткізген. Қытай, Ауғанстан және Пәкістанмен шекаралас Таулы Бадахшан — Тәжікстанның ең кедей аймақтарының бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *