НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз. Пәкістандағы мешіттердің бірінде жарылыс болып, 4 адам қаза тапты, деп 24.kz хабарлайды.
Тағы 15 тұрғын жарақат алды. Олардың арасында бір имам бар. Лаңкестік Кветта қаласынан 25 шақырымдай жердегі Кучлак мекенінде болды. Полицияның хабарлауынша, бомба мешітке күні бұрын қойылған. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Қазір жарылысты ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр. Айта кетейік, Пәкістанның осы Белуджистан аймағында сепаратистік топтар әрекет етеді. Олар өңірдің автономды болып, оның пайдалы қазбаларын игеру шешіміне ықпал етуді қалайды.