НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео «Ислам мемлекеті» террористік тобы (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) Сирия мен Иракта қайтадан күш-қуатын арттыруда, деп мәлімдеді. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып REGNUM АА хабарлайды.
«Осыдан үш немесе төрт жыл бұрын болған ДАИШ-пен (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) салыстырсақ қазіргі уақытта бұл топ қуаттырақ», — деп мәлімдеді Помпео журналистерге.
Алайда, Помпео террористік тобының «халифаты» жоқ екенін атап өтті, ал бұл оның теракт өткізу мүмкіндігін қиындатады.