Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Мәскеуде жарылыс қаупіне байланысты «Билайнның» бас кеңсесі қауіпсіз жерге көшірілді

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Мәскеуде «Билайн» ұялы байланыс операторы  компаниясының бас кеңсесінде қызметкерлер эвакуацияланды. Бұл туралы шұғыл қызметтеріндегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды.

Агенттіктің ақпараты бойынша, белгісіз тұлғадан 8 Март көшесі, 10 үй, 14 құрылыс мекен-жайында орналасқан ғимаратта жарылыс қаупі туралы хабарлама келіп түсті.

Жедел қызмет қызметкерлері оқиға орнына келгеннен кейін ғимараттан 20-ға жуық адам шығарылды. Қазіргі уақытта аумақты  кинологтар итпен тексеріп жүр.

«Билайн» баспасөз қызметі 8 Март көшесіндегі кеңседе қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшіру және жарылыс қауіпі туралы анонимдік хабарламаның келіп түскені туралы ақпаратты растады. Компания оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ деп мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *