Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Солтүстік Кавказдың екі тұрғыны лаңкестікті ақтағаны үшін сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз. Солтүстік Кавказ округтік әскери соты жұма күні Ставрополь өлкесі мен Дағыстан тұрғындарын лаңкестікті ақтағаны үшін,  сондай-ақ экстремистік әрекетке шақырғаны үшін екі және үш жылға сотталды, деп сот өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

Оның мәліметінше, 2018 жылдың 1 маусымында Ставрополье тұрғыны Станислав Шаламов ғаламторға лаңкестікті ақтайтын пікір  орналастырды.  «Сот үкімімен Шаламов кінәлі деп танылып, оған жалпы режимдегі түзеу колониясында 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деді ол.

2018 жылдың сәуір айында Дағыстанның тұрғыны Арсен Сейтуев лаңкестікті ақтайтын және экстремистік әрекетке шақыратын бейне роликті ғаламторға орналастырды. «Ол кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деді сот өкілі.

Үкімдер әлі заңды күшіне енген жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *