Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Көкнәр-2019» — Қызметтік ит есірткінің иесін тауып берді

НУР-СУЛТАН, 02 қыркүйек. Арнайы есірткі заттарын іздеуге үйретілген ит Бейнеу — Нукус пойызының дәретханасында есірткі салынған жасырын орынды табуға көмектесті, деп  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бейнеу шекара отрядына қарасты «Бейнеу-теміржол» бөлімшесінде шекара наряды кеше арнайы үйретілген иттің көмегімен «Бейнеу – Нүкүс» бағытындағы № 648 пойыз вагондарының бірінің әжетханасында, жылу батареясының артына қыстырылып қойған түйіншекті тауып алды. Түйіншек ішіндегі жасыл түсті, өзіндік иісі бар, кептірілген өсімдік текті зат барлық белгілерімен «марихуана» есірткісі деп топшылауға негіз береді.

Қызметтік ит түйіншектің иесін де көрсетіп берді. Ол 54 жастағы Өзбекстан азаматы екен.

Ұсталған азамат айғақ затымен Бейнеу желілік полиция бөліміне тапсырылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *