НҰР-СҰЛТАН, 04 қыркүйек. Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова Мәжілістің жалпы отырысында айтты.
«Аталған заң жобасы Мәжіліске 2019 жылы 27 маусымда енгізілді. Заң жобасын енгізу мақсаттары қолданыстағы заңнамада бар құқықтық олқылықтарды жоюға, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында заңнаманы халықаралық стандартқа сәйкестендіруге бағытталған. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша 2020 жылы 22 сәуірге дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын. Қолдауларыңызды сұраймыз», — деді Гүлжан Қарақұсова.
Жалпы отырысқа қатысқан 104 депутат заң жобасын мақұлдады.