Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 07 қыркүйек. Марокконың Сот тергеулерінің орталық бюросы ИМ-не (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) адал лаңкестік ұяшығының әшкерленгені туралы хабарлады. Топ бес адамнан құрылып, Марокконың шығыс бөлігіндегі Надор және Беркан қалаларында орналасқан. Арнайы операция барысында құқық қорғау органдары лаңкестердің қару-жарағы мен электрондық құрылғыларын тәркілеген. Бұл туралы MAP мароккалық ақпараттық басылымына сілтеме жасап Regnum АА хабарлайды.

Алдын ала тергеу бойынша, ұяшық мүшелері Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Сахел өңірдегі «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) желісінің лаңкестер лагерлеріне қосылуды жоспарлаған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін экстремистер Корольдік аумағында лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруды жоспарлаған.

Күдіктілер 27 мен  41 жас аралығында деп хабарланады. Лаңкестік әрекет кезінде қолданылатын жарылғыш заттарды дайындау жөніндегі маман ұяшық басшысы болды. Топ мүшелері қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Марокконың қауіпсіздік күштері елде және барлық өңірде лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі Корольдіктің стратегиясы аясында бірқатар ұқсас операциялар жүргізген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *