Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 08 қыркүйек. 6 қыркүйекте Шри-Ланка полициясы 2019 жылдың сәуірінде католик Пасхасын тойлау кезінде лаңкестік әрекет ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен 239 адам қамауға алынғанын жариялады. Бұл туралы «Джагран» үнді жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлайды.

Полициясының ресми өкілі Руван Гунасекердің мәліметі бойынша 115 адам тергеу изоляторында қамауда, 178 адам жауап алу үшін үнемі шақырылып отырады. Сонымен қатар, полицияның ресми өкілінің мәліметі бойынша тергеу жүргізу кезінде күдіктілердің барлық шоттары бұғатталды.

Шри-Ланкадағы елдің христиан халқына қарсы бағытталған лаңкестік әрекеттер сериясы 2019 жылдың 21 сәуірінде католик Пасхасын тойлау кезінде жүзеге асырылды. Жарылыстар шіркеулер мен «люкс» класындағы бірнеше қонақ үйлерде жасалды, лаңкестік әрекеттер нәтижесінде 258 адам қаза тауып, 500-ден астам адам жарақат алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *