НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек. Ауғанстан астанасындағы АҚШ елшілігінің жанында жарылыс болды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы әзірге мәлімет жоқ.Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Жарылысты қандай лаңкестік топ жүзеге асырғаны да белгісіз. Айта кетейік, президент Дональд Трамп өткен аптада «Талибан» радикалды қозғалысымен келіссөз тоқтатылғанын мәлімдеген. Оған қыркүйектің 5-і күні Кабулда болған теракт түрткі болды. Себебі шабуылдан 1 америкалық жауынгер мен оншақты адам қаза тапты. Осыдан кейін президент Трамп «келіссөз кезінде атысты тоқтата алмаған тәліптермен келісім еш нәтиже бермейді» деген еді.