Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Татарстан тұрғыны терроризмге жәрдемдесу үшін 9 жылға сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек. Еділмаңы округтік әскери соты террористік іс-әрекетке жәрдемдескен 47-жастағы Татарстан тұрғыны Алексей Верезумскийге қатысты үкім шығарды, деп Islam-today хабарлайды.

Сот анықтауы бойынша, ер адам содырларды тартумен айналысқан, сондай-ақ террористік ұйымға ірі ақша соммасын аударған.

Іс материалдарына сәйкес, Ютаза ауылында тұрған Верезумский жергілікті тұрғындар арасында терроризмді насихаттап, оларды «Имарат Кавказ» халықаралық террористік ұйымына кіруге шақырды.

Сонымен қатар, ол Батыскавказ өңірінде лаңкестік әрекет жасауды үндеген, тіпті кейіннен лаңкестер қатарына қосылуы үшін  екі адамды  Дағыстанға алдап тартпақ болған.

Сот анықтауы бойынша 2012 жылы Верезумский «Әл-Каида» (ҚР-да тыйым салынған) құрамындағы заңсыз қарулы құрылымдарына арналған 27 мың доллардан астам сомманы Пәкістан аумағына аударды.

Сотталушы өз кінәсін мойындамаған. 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *