Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда 250-ге жуық оқушы экстремизмнен келетін қауіп туралы танымын кеңейтті

АЛМАТЫ, 15 қыркүйек.  Алматыда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді.Аталмыш шара ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Қоғамдық Даму басқармасының «Мониторинг және талдау орталығының» ұйымдастыруымен өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай маңызды кездесулердің бірі 13 қыркүйекте Алматыдағы №156 мектепте өтті.

Жиынға сарапшы ретінде Қоғамдық даму басқармасы жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Мақпал Жекебаева қатысты.

250-ге жуық оқушы экстремизмнен келетін қауіп туралы танымын кеңейтті.

«Діни экстремизм мен ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деп айыптайды. Экстремистер мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді, дінаралық жағдайдың ушығуына себепкер болады», — деді дінтанушы.

Жиын барысында жасөспірімдерге жат ағымнан келетін қауіп-қатерлер туралы нақтырақ айтылды.

«Қазір қазақ қоғамында «сәләфизм» бағытындағы ұстанымның жақтастары көп болып тұр. Олар өзге пікірге төзбеу, басқаларға агрессиялық көзқараспен қарау, алдына қойған мақсаттарына, қарумен болса да қол жеткізу секілді сипаттармен танылады. Соның нәтижесінде ол басқаларға қатысты түрлі қатыгез әрекеттерге баруы мүмкін. Ата-ана алдындағы парыз, туыстарға қызмет ету, қоғамның қамқоршысы болу секілді адами және ислами құндылықтардан жырақ кетеді», — деді ол.

Сонымен қатар, ислам емес басқа діндердің ішіндегі жат ағымдар туралы мағлұматтар берілді.

Кейбір жаңа дін ағымдарының психотропты заттар мен психотренингтерді қолданатыны белгілі болды. Мысалы «Белое братство» ағымының әсерінен бірнеше адам өзін Киев қаласының орталығыныда өртеп жібермек болды. Бұл әрекетке тек құқық қорғау органдарының араласуымен тосқауыл қойылды.

Жастардың әлеуметтік желіге әуестігі қатаң бақылауды қажет ететін жайт дейді маман.

«Қазір жастар әлеуметтік желіде чатты жиі қолданады. Оны қолданған кезде кейбір жастардың аккануттарына әртүрлі ақылға сыймайтын әрі қауіпті мағлұматтар кеп түседі. Жат ағым өкілдері жастардың аккаунтына әртүрлі шешілмейтін, тығырыққа тірелуіне әкелетін мәселелер мен жазбаларды жіберіп саналарын улап отырады. Осындай жағдайға түскен жасөспірімдер өздерімен өздері болып, қоғаммен қатынасын үзіп, мазасызданып, әрі өмірдегі орны мен рөлін ұмытады да, көптеген теріс түсініктерді санасына орнатып алады. Осындай күйде жүргенде тығырықтан шығатын соңғы амал – о дүниеге аттануға бел буады», — деді ол.

Сарапшының айтуынша, діни радикализм мен экстремизмді насихаттауға қарсы іс-қимыл интернет ресурстарды талдау арқылы жүзеге асырылады.

Мәселен, тек 2017 жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (сол кездегі атауы) 10 174 интернет ресурстың мазмұнына сараптама жүргізген.

«Соның ішінде 3555 сайттың заңбұзушылық бағыттағы қызметі анықталды. Бұл сайттар бойынша теріс сараптамалық қорытындылар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін жіберіледі», — деді Мақпал Жекебаева.

Жиын соңында оқушыларға теріс ағымның ықпалы туралы арнайы видеофильм көрсетілді.

Оқушылар видеофильм бойынша бірқатар сауал қойып, «сәләфизм» бағыты бойынша бірқатар алаңдатқан сауалдарына жауап алды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *