Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қостанай облысының тұрғынынан тыйым салынған кітаптар тәркіленді

ҚОСТАНАЙ, 16 қыркүйек. Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасында тыйым салынған журналдарды сақтағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Рудный қаласының 54 жастағы тұрғынынан Қазақстан Республикасында тыйым салынған сектаның журналдары тәркіленді.

«Сот тексерісінің нәтижелері бойынша экстремистік бағыттағы 15 журнал анықталды. Бұл журналдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, жариялауға және таратуға тыйым салынған», — деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарь.

Рудный қаласы сотының үкімімен ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 453-бабы, 4-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды. Ол мемлекет қазынасына 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *