НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек. Красноярск өлкесінде интернетте терроризмге жария түрде шақыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы REGNUM агенттігіне Ресейдің Тергеу комитетінің көліктегі Батыс Сібір тергеу басқармасы хабарлады.
Алдын ала анықталғандай, 2014 және 2016 жылдары жергілікті тұрғын әлеуметтік желілерде бірнеше аккаунт тіркеген. Ол оларды басқа адамдарды терроризмге жария түрде шақыруға бағытталған материалдармен таныстыру үшін пайдалануды жоспарлаған.
2014 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2018 жылғы 9 наурызына дейін қаскүнем өзінің әлеуметтік желілерінде терроризмге жария шақырулары бар бейнежазбалар мен аудиожазбаларды орналастырды. Бұны кешенді психологиялық-лингвистикалық зерттеу растады.
Тергеу жалғасуда.
REGNUM АА хабарлағандай, ағымдағы жылдың қыркүйек айында белгілі болғандай, Красноярск өлкесінде жазасын өтеп жатқан Дағыстан тумасы терроризмге шақыру үшін сотталған.