Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Санкт-Петербургте ғимараттарға «мина қойған» екі күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек.Санкт-Петербург  полициясы миналау туралы ақпарат таратқан екі күдікті ұстады. Бұл туралы 27 қыркүйекте Ленинград облысы мен қала бойынша ІІМ ББ баспасөз қызметі хабарлады, деп REGNUM жазады.

Санкт-Петербург орталығындағы Грибоедов каналының жағалауындағы банк ғимаратының миналауы туралы хабарлама 26 қыркүйек күні таңертең құқық қорғау органдарына келіп түсті. Адамдарды кеңседен көшіруге және тексеру жүргізуге тура келді. Тексеру барысында ешқандай қауіпті заттар табылған жоқ.

Банктің жалған миналануы туралы хабар таратқан күдікті ретінде 42 жастағы бұрын сотты болған жергілікті тұрғын ұсталды. Ол жарылғыш құрылғы туралы телефон арқылы хабарлады деп күдіктенеді. Ұсталған азаматқа қатысты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы босатылды.

Тағы бір күдікті 19 жасар студент, колледж ғимаратын «миналағаны» үшін ұсталды.  Большевиктер даңғылындағы колледж ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы белгісіз азамат 24 қыркүйекте sms арқылы хабарлады. Тексеру нәтижесінде оқу орнының аумағында жарылыс құрылғылар табылмады. Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, студент ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы босатылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *