ТАРАЗ, 26 қыркүйек. Таразда кеше №6 мөлтек ауданындағы нөмірі екінші халыққа қызмет көрсету орталығына жарылғыш зат қойылды деп дабыл қағылып, құзырлы орган өкілдеріне хабар келген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тиісті мекемеге қоңырау шамамен сағат 14:50-лер шамасында түскен. Аталған жайттан хабардар болғаннан соң бірден жедел топ жұмылдырылып, белгіленген орынға шұғыл жеткен. Тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру нәтижесінде анықталғандай, халыққа қызмет көрсету орталығына ешқандай да жарылғыш зат қойылмаған болып шықты. Елдің бомба деп үріккені — бар болғаны ойыншық зат екен. Ал, мекеме қызметкерлері кез-келген заттан қауіп бар, сондықтан өз міндетімізді орындадық деп түсіндірді.
«Бөлімнен белгісіз табылған соң бірден тиісті орындар мен құқық қорғау органдарына хабар бердік. Жедел топ келгенше бөлімдегі барлық мамандарды қауіпсіз жерге яғни сыртқа шығардық. Құзырлы органдардың тексеруі бойынша ол ойыншық зат болып шықты», -аталмыш Тараз қалалық ХҚКО бөлім басшысы Нұрбек Байдәулетов.