Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Өзбекстанның 235 азаматы Сирия мен Ирактан елге оралады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек. Өзбекстан билігі Ирактан және Сириядан 235 адамның  оралуын күтуде, деп мәлімдеді Ресей төрағалығымен өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жоғары деңгейдегі отырысында Өзбекстан  Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, деп жазады Sputnik Өзбекстан.

СІМ-нің БАҚ пен қоғаммен байланыс басқармасы хабарлағандай, қазіргі уақытта осы бағытта, оның ішінде халықаралық деңгейде белсенді жұмыс жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 30 мамырда Ташкентке арнайы рейспен Өзбекстанның 156 азаматы, негізінен әйелдер мен балалар жеткізілген. Миссия Сыртқы істер министрлігінің, арнайы қызметтердің және республиканың басқа да ведомстволарының үйлестірілген іс-қимылдарының нәтижесі болды.

Бірқатар шет мемлекеттері мен халықаралық ұйымдар, соның ішінде Қызыл крест Халықаралық Комитеті мен ЮНИСЕФ маңызды қолдау көрсетті.

Сол кезде СІМ  елге оралған барлық адамдар медициналық көмекке және психоәлеуметтік қолдауға, білім беру және басқа да әлеуметтік бағдарламаларға, соның ішінде тиісті тұрғын үймен және жұмысқа орналасумен қамтамасыз етілетіндігін хабарлады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *