Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Кейбір жастар әлеуметтік желі арқылы тікелей шейхтардан білім алып жатыр — Төрәлі Қыдыр

АЛМАТЫ, 30 қыркүйек.  Алматыда ІІМ академиясында «Дін мен дəстүр сабақтастығы жəне діни терроризммен күрес» тақырыбында арнайы дәріс өтті, деп ҚазАқпарат хабарлайды. 

Қала әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткізілген шарада Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ТҮРКСОЙ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Төрәлі Қыдыр қатысты.

Сарапшы дәрісті тыңдаған 20 офицерге Ислам əлеміндегі бүгінгі діни-саяси ахуал жəне оның Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға ықпалы туралы айтты.

«Бүгінде ислам әлемінің ілімін философтар екіге бөледі. захири ілімдер. Захири – көзге көрінетін сыртқы білім және батини – асыл, құпия, ішкі жүректе болатын ілім. Жат ағымдардың шығуына сыртқы ілімдердің алға кетіп қалып, адамның ішкі жан дүниесі, жүрек мәселесі екінші орынға қалып қойғаннан болып отыр. Бұдан тек Қазақстан ғана емес әлемнің көптеген мұсылман елдері зардап шегіп отыр. Кей діни ағымдар тіпті саясиланып жатыр. Кей жастарымыз әлеуметтік желі арқылы немесе тікелей шейхтардан білім алып жатыр. Проблема бар», — деді Төрәлі Қыдыр.

Дәрісті тыңдаған офицерлер теріс ағым ықпалымен қалай күресу жолдарын сұрады.

Сарапшы оларға теріс ағымдағылардың сыртқы атрибутикаларынан бастап, дүниетанымы мен, ақидасының ерекшеліктерін айтып берді.

Дінтанушы Ислам елдеріндегі діни саяси ахуал, ДАИШ дүрбелеңі, Ауғанстандағы Талибан қозғалысы туралы айтты.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *