Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сарапшы: «Соқыр сенімге адамдар қалай ұрынады?

АЛМАТЫ, 01 қазан. Қандай дін болсын сенімдерге негізделеді. Бір қарағанда бұл қарапайым дүние болып көрінуі мүмкін. ҚазҰУ оқытушы, дінтану магистрі Сұлтан Әбдірахманов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарапшының айтуынша, қоғамда болып жатқан діни мәселелер осы қарапайым нәрседен басталуда.

«Тіпті, жаңадан өсіп келе жатқан баланың да діни сауаты отбасынан ашылары сөзсіз. Отбасында дін туралы әңгімелеспейтін адамдар діни сауатын сырттан жинайды.

Соқыр сенім адамдардын ақылын тұмшалап адасуына әкеп соғуда. Сирияға кеткен қандастарымыздың жағдайы — соның бір көрінісі. Дін өте бір нәзік тақырып болғандықтан оған үстірт қарауға болмайды. Қазақ жастары жаппай дінге бет бұрғаны қуантарлық нәрсе, алайда жастарымыздың дінді дұрыс түсіне алмауы және соқыр сенімге еруі көптеген қиыншылықтар тудыруда», деді Сұлтан Әбдірахманов.

Оның айтуынша, қылмыстық істердің дені Атырау, Алматы, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында қаралған. Бұл азаматтардың барлығы қарапайым отбасыларда тәрбиеленген.

«Соқыр сенімге адамдар қалай ұрынады? Қазіргі уақытта астарлы түрде ақпараттық шайқастар жүруде. Әрбір адам қай жерде болсада әр түрлі ақпараттарға қол жеткізе алады. Ақпараттарды сол қалпында қабылдай беру, еш ой елегінен өткізбеу салдарынан адамдар алданып, адасып жатыр. «Нағыз соқыр көкірек көзі соқыр адам» демекші, айтылған ақпараттарды ой сүзгісінен өткізу — әрбір көкірек көзі ояу адамның міндеті. Соқыр сенім салдарынан қаншама отбасының шаңырағы шайқалды. Адамдардың өмірі кейбір идеологиялардың қуыршағына айналды», — деді Сұлтан Әбдірахманов.

Оның пікірінше, жалпы Қазақстанда болып жатқан діни мәселенің көпшілігі діни сауатсыздық пен соқыр сенімге тікелей қатысты.

«Қазақстанның кез-келген азаматы ұлт қауіпсіздігі мен ел тыныштығы мақсатында Абай айтқандай ақырын жүріп аңық басса құба құп», — деді ол.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *