НҰР-СҰЛТАН, 03 қазан. Амур облысының Серышев ауданында полиция қызметкерлері кептірілген марихуанаға толтырылған 16 қап тапты, деп хабарлайды REGNUM АА.
Жалпы салмағы 67 кг болатын есірткі жергілікті тұрғынға тиесілі, ол оны жеке пайдалану мақсатында дайындағанын түсіндірді. Тағы 47 кг марихуана бес пластикалық қапта Бурей ауданында тәркіленді. Күдіктілер ұсталды, есірткі табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.