Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 06 қазан. Испания Ұлттық полициясы ИМ  (ҚР  тыйым салынған ұйым) лаңкестік тобының атынан қоқан-лоқы жасап, бейне жазба таратқан күдіктіні ұстады, сондай-ақ жарылғыш заттарды тәркіледі, деп РИА Новости жазады.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, ұсталған  Мароккода тұған 23 жасар Испания азаматы. Полиция ол Испанияда террористер атынан түрлі материалдарды таратумен айналысатын бейресми платформа -Muntasir Media үшін жауап бергенін мәлімдейді.

Полиция хабарламасында айтылғандай, тұтқындалған адам Интернетте 2018 жылдың соңынан бері  пайда болған ИМ атынан қоқан-лоқы көрсеткен испан тіліндегі барлық бейнелердің авторы болған.

Парладағы (Мадрид провинциясы) оның үйінде тінту кезінде «шайтанның анасы»ретінде белгілі ТАТР жарылғышын (ацетон трипероксиді) дайындау үшін көптеген прекурсорлар табылды. Сондай-ақ жарылғыш құрылғыларды дайындау үшін нұсқаулықтар мен сызбалар, таймер ретінде пайдалануға болатын сағаттар, қайта жасалған ұялы телефондар, оқ өтпейтін жилеттер, адамдар мен инфрақұрылым объектілерінің тізімі тәркіленді.

Операция барысында тағы бір адам ұсталды, алайда кейін ол босатылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *