Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. 39 ұл, 25 қыз бала отырған ұшақ Ташкент әуежайына жұма, 11 қазанда қонды. Бұл туралы Өзбекстанның АҚШ-тағы елшісі Явлон Вахаповқа сілтеме жасап Азаттық хабарлайды.

«Олардың 14-і үш жасқа да толмаған, екі нәресте бар» деп жазды дипломат Twitter желісінде.

Бұл балалардың ата-аналары бірнеше жыл бұрын «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) экстремистік тобына қосылу үшін Иран пен Сирияға кеткен. ИМ тобы жеңіліске ұшырағаннан кейін олардың кейбірі қаза тапты, кейбірі тұтқынға түсіп, түрмеге қамалды. Вахаповтың сөзіне қарағанда, балаларды елге қайтару операциясына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жетекшілік еткен.

2019 жылы мамыр айында осыған ұқсас операция аясында Өзбекстан Таяу Шығыс елдеріндегі қақтығыс ошақтарынан 156 азаматын қайтарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *