Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейде гашиш контрабандасы үшін АҚШ және Израиль азаматшасы сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Мәскеу облысының Химки қалалық соты АҚШ пен Израиль азаматшасын гашиш контрабандасы үшін 7,5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Regnum хабарлады.

25 жасар әйел сәуір айының басында Делиден Тель-Авивке ауысып отыру кезінде «Шереметьево»  әуежайында ұсталған.

Әйелдің жолжүгі қызметтік иттің назарын аударды, ал жүкті тексеру кезінде кеден және контрабандаға қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 9,6 грамм есірткі затын тапты. Кейін сараптама алынған есірткі зат гашиш екенін растады.  Күдікті қамауға алынды.

Сот отырысында әйел есірткі затын сақтаудағы кінәсін мойындады, бірақ контрабанда жасаған кінәсін мойындамады. Сот оны есірткі контрабандасына кінәлі деп танып, айыпталушыға 7,5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын тағайындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *