НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан. Мали арнайы қызметінің арнайы операциясының нәтижесінде 50-ге жуық содыр жойылды, тағы 30 адам жарақат алды, деп Anadolu Ajansi сілтеме жасап Regnum хабарлайды.
Қақтығыс нәтижесінде әскерилер, ағымдағы жылдың қыркүйек айында жаулардың қолына түскен 36 әскери қызметшілерің босатып алды, 24 адам әлі күнге дейін тұтқында.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қыркүйегінде «Әл-Каида» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) мен ДАИШ –ке (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) қатысты қылмыстық топтардың мүшелері Боулкесси және Мондоро қалаларындағы блокпосталарға шабуыл жасаған. Қақтығыс кезінде 25 әскери қызметші қаза тауып, 60 адам із-түзсіз жоғалып кетті.