Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жамбыл тұрғыннан 12 келіден астам марихуана табылды

ТАРАЗ, 20 қазан. Жамбылдық полицейлер Т.Рысқұлов ауданының тұрғынынан 12 келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«13 қазан кешкі мезгілде «Көкнәр-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотты болған 49 жастағы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғынынан бір қап кептірілген марихуананы тәркіледі» делінген ведомство хабарламасында.

Есірткі дайындаушы Меркі ауданының Тәтті ауылы маңындағы «Тәтті-Сарықоба» құмды аймағына жақын жерде ұсталды. Табылған есірткі затының салмағы — 12 келі 420 грамм.

Күдікті кінәсін мойындап, Меркі аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК 296- бабының 4 -бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *