Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтанда Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот басталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан.   Нұр-Сұлтанда «Жусан» арнайы операциясы аясында Сириядан оралған 14 қазақстандыққа қатысты сот басталды, деп ҚазТАГ хабарлайды. 

«Азаматтар Есмурзаев, Каматай, Камалов және басқалары айыптау актісіне сәйкес Сирияға барып, (ҚР-да тыйым салынған – ҚазТАГ) «Ирак пен Леванттың ислам мемлекеті» (ИЛИМ) леңкестік ұйымына кірген. (…) Олар қарулы жиһад идеясын қолдаған», — деді прокурор Еділ Мұрат сейсенбідегі сот отырысында.
Оның айтуынша, айыпталушылар Сирияға Қырғызстан мен Түркия арқылы барған.

«Есмурзаев және басқалары Вазиристан, Алеппо өңірлеріне, Ракка, Шейх-Сулейман елді-мекендеріне барған. (…) Олар ол жаққа отбасыларымен бірге Қырғызстан және Түркия арқылы жеткен», — деп атап өтті прокурор.
Ол сондай-ақ, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Түркістан облысы тұрғындарының Сирияға Алматы – Ыстамбул, Бішкек – Ыстамбул, Қарағанды – Ыстамбул, Ақтау – Ыстамбул, Шымкент – Анталья рейстерімен барып, ары қарай түрік-сирия мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтіп, Сирияға жеткендерін жеткізді. Қазақстан азаматтары Сирияға сондай-ақ Ресей мен Украина арқылы да барған.

Прокурордың айтуынша, «Камалов Біріккен қазақ жамағатының әмірі болып, Қазақстаннан келген содырлардың отбасының қамтамасыз етілуін қадағалаған».

«Олар Калашников автоматын, Макаров тапаншасын және РГД жарылғышын пайдалануды үйренгендері үшін, ҚР ҚК 260 бабы (лаңкестік немесе экстремистік дайындықтан өту – ҚазТАГ) бойныша айыпталуда», — деді ол.

Сонымен қатар, Мұраттың айтуынша, сотталушылардың бір бөлігіне терроризмді насихаттайтын видеороликтерді дайындау айыбы тағылып, 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 230 және 256 баптары бойынша сотқа берілген.

Сот процесі ЕЦ-166/10 қауіпсіздігі төмен мекемеде қазақ тілінде өтуде. Сотта Нұр-Сұлтанның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының судьясы Әділхан Шайхысламов төрағалық етуде. 14 сотталушы ДАИШ (ИМИЛ( лаңкестік ұйымына қатысқан деп айыпталуда, алайда сотталушы орындығында 13 адам ғана отыр, 14-шісі тергеу изоляторында, ол сотқа бейнеконференция арқылы қатысты.

«Оның денесінің 100%-ның 70%-ы мүлде жұмыс жасамайды. Осында тергеу изоляторында (отыр – ҚазТАГ). Мен барлық жерге жаздым, Nur Otan (партиясына да – ҚазТАГ) жаздым. (…) Әрине, сал болып қалған – денесінің 100%-ның тек 30%-ы ғана жұмыс жасайды. Ешқандай медициналық көмек жоқ», — деді сотталушының тумасы Ермұхан Айтқалиева.

Анасының айтуынша, ол «аяғынан тұра алмайды».

Еске салсақ, 17 қазанда Сириядан қайтарылған 14 қазақстандықтың терроризм бойынша айыпталып жатқаны хабарланған еді.

«Тергеу нұсқасы бойынша Сирия жағдайында ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды. Қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотына берілді», — делінген бейсенбідегі хабарда.

Ведомствода атап өткендей, ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарды, оның арасында төрт жүзден астамы балалар. Қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған/ ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға сотталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *